KZ
Өскемен
пасмурно жел 1 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына арналған ғылыми конференция өтті

17.08.2018, 02:34 220

Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына арналған «Абай елі-Руханият Меккесі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Биыл Абай елі үшін ерекше жыл болып табылады. Ұлы Абайдың немере інісі ақын, ғұлама ғалым Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығы Абай ауданының құрылғанына 90 жыл толу мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. Осыған орай ел көлемінде белгіленген мерекелік шаралардың алғашқы легі Семей қаласынан бастау алды. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет пен Абай ауданының әкімдігі ұйымдастырып отырған ғылыми-конференцияда Шәкәрім мұралары туралы мағлұматтар берілді, аудан тарихынан сыр шертілді. Конференция жалғасы қыркүйек айында болмақ, бұл жөнінде шараны ресми түрде ашып, бастаған профессор Арап Еспенбетов арнайы хабардар етті. Жиында ең алдымен Шәкәрім университетінің ректоры, профессор Мейір Ескендіровтың құттықтау сөзі жолданды. Арнайы шақырылған қонақтар ретінде Шәкәрімнің ұрпақтары, туыстары да қатысып отырды.


-Абай ауданының әкімі Жарқынбек Борашұлы басшылыққа келгелі бері, Абай, Шәкәрім, Мұхтар туған өңірдің іргелі дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді, бұған біз ризамыз,-деді ғалым Арап Еспенбетов,-міне, бүгін Шәкәрімнің ұрпақтары сонау Астанадан, Павлодардан, Балқаштан келіп отыр. Нұрбек Қабыкенұлы Абадилов, Зәкария Әшенханұлы, Қымбат Нығметжанов, Қайыртай қажы Мұхаметшайыққызы, Құралай Мұхаметшайыққызы, Жандос Нығметжановтар міне, осы Шәкәрімнің тікелей ұрпақтарына Абай еліне хош келдіңіздер демекпін. Бұл конференцияның жалғасы қыркүйек айына жоспарлануда. Шәкәрім мұралары халықаралық деңгейде зерттелетін болады.


Конференцияның толық нұсқасы облыстық «Дидар» газетінде жарияланады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив