KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 7 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

Таскескендіктер 5 гектар жерге қарбыз екті

17.08.2013, 18:00 151


Таскескен ауылындағы «Үржар колледжі» аудан орталығына төрт жарым тонна қарбыз әкеліп саудалады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Үржарда бір келі қарбыздың құны 50-60 теңге болса, таскескендіктер оны 30 теңгеден сатты. Таскескендіктер бағаның қолжетімді болуын көздеп отыр. Олардың айтуынша қарбыз бағасы маусымға байланысты жылдам түседі. Сондықтан да, көңілге қонымды бағамен қомақты мөлшерде сатылып жатыр екен.

– Біздің колледжіміздің 1920 гектар жері бар. Биыл соның 5 гектарына қарбыз ектік. Қазір толық өнім алып жатырмыз. «Газ-53» автокөлігімен алғашқы қарбыздарымызды әкеліп сатып жатырмыз, жұрт риза. Біз нарық құнынан өте төмен бағамен сатудамыз, – дейді колледж директоры Біржан Тұрлыбеков.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив