KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 3 м/с, З
487.37 532.94 5.09

Қазақстанда «Fonterra» (Жаңа Зеландия) компаниясы өндірісінің тамақ өнімдерін пайдалануға тыйым салынды

13.08.2013, 18:00 26


Балаларға арналған сүт қосындыларын, спорттық-протеиндік қосындыларды және басқа да сусындарды өндіретін «Fonterra» (Жаңа Зеландия) компаниясы өндірісінің тамақ өнімдерінде ботулизм уыты анықталды. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері көрсетілген өнімдерді Қазақстанға әкелуге және айналымға түсіруге тыйым салды , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мәліметіне сілтеме жасап.

Ботулотоксин – ол ғылымға белгілі улардың ең күштілерінің бірі. Ботулотоксиндер оттегінің мүлдем жоқ болу жағдайларында ғана көбейіп өседі, сондықтан, консервленген тағам түрлері ең көп қауіп тудырады. Ботулотоксин адам ағзасына түскенде ботулизм атты ауыруды туғызады. Улану көздің алдында бұлдырлау, шіркей, сөйлеу мен жүтудың қиындауы, маска бейнедегі бет пайда болумен сипатталады. Көп жағдайларда өлім тыныс алу жолдарының асфиксиясынан немесе тыныс алу мен жұрек мускулатураларының параличінен болады.

Тұтынушылар дүкен немесе дәріхана сөрелерінде осындай өнімдерді көрген жағдайларда мемсанэпидқадағалау органдарына 8-7232-76-59-87, 53-43-77 телефондары арқылы немесе ses_vko@mail.ru электрондық мекенжайына хабарласуларына болады.

Осы жерде жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2013 жылғы 8-тамыздағы №11 ««Fonterra» компаниясы өндіретін тағам өнімдерінің айналымына тыйым салу туралы» қаулысының толық мәтінімен танысуға болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив