KZ
Өскемен
+34°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
464.72 496.32 5.4

ШҚ облысында мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін түсіндіріп бере алатын мамандар жетіспейді

12.08.2013, 18:00 93


Шығыс Қазақстанның тұрғындары мемлекеттік қызметтің игіліктерін әлі де мүмкіндігінше пайдалана алмай келеді. Өйткені жергілікті жерлерде мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін тұрғындарға жете түсіндіріп бере алатын мамандар жетіспейді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жайында облыс әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметке мониторинг бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Әшімов қоғамдық кеңестің отырысында баяндады. Оның айтуынша, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттырып, жұмысын жандандыруға қолбайлау болып отырған тағы бір жайт, ол – материалдық-техникалық базаның әлсіздігі.

Яғни, қалалар мен аудандарда тұрған ескі компьютерлер жаңа бағдарламаларды қабылдай алмайды екен. Сондықтан кеңеске қатысушылар қаржыландырудың көлемін көбейту, қазіргі жұмыс істеп жүрген мамандардың біліктілігін арттыру, қосымша мамандар алу жағын да атап өтті.

Дәурен Аллабергенұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив