KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
484.11 528.79 5.03

Өскеменде жеңімпаз өнертапқыштар марапатталды

24.06.2024, 16:09 128 Қызырбек Дүргінбайұлы

Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың кезекті республикалық байқауы Өскемен қаласында өтті. Бұл жолы жас техниктер ұшақ, зымыран, көлік, кеме және қайықтар құрастыру бойынша сынға түсіп, 10-17 жас аралығындағы 180 оқушы өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың кезекті республикалық байқауының қорытынды кезеңін Шығыс Қазақстан облысы орталығында өткізді.

– Аталған байқау оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, кеме, әуе, зымыран, көлік құрастыру саласында батыл идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл – перспективалық әзірлемелер мен ерекше жобалар үшін нағыз «өмірге жолдама» деуге болады. Жарыстың мақсаты - балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, – дейді Оқу ағарту министрлігінің қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Меруерт Төлекова.

Әуе, зымыран, көлік, кеме модельдеу бойынша техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың байқауы 13 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Биылғы республикалық байқауға 10-17 жас аралығындағы 180 оқушы қатысқан. Олардың барлығы да өңірлік байқауларда бақ сынаған 20 мың оқушының арасынан топ жарған жеңімпаз өнертапқыштар. 

– Жалпы осындай өнертапқыштар үйрімесіне қатысып жүргеніме 5 жыл болды. Ал республикалқ жарысқа биыл бірінші рет қатысып отырмын. Ұстазым мен достарымның қолдауының арқасында жарыста жақсы нәтиже көрсете білдім. Мақсатым - әуе көліктерін модельдеу барысын дамытып, осы салада қызмет атқару. Себебі біз білім алып жатқан үйірменің көптеген түлектері қазір шетелде білім алып жатыр. Менің де мақсатым - болашақта осы саланың мықты маманы атынып, елімізді дамытуға үлес қосу, – дейді Шәкәрім атындағы №1 орта мектебінің оқушысы Әли Бердібек.

Жарыс бағдарламасына орай радиомен басқарылатын авто, авиа, зымыран, кеме модельдері бойынша командалық жарыстар қаланың әр жерінде өтіп, өнертапқыштар өзара мықтыны анықтады.
Жалпы бұл байқаудың мақсаты айқын, мәні зор. Еліміздегі білім алушылардың құрастырушылық ойлауын дамыту, жас техниктерді зерттеу және өнертапқыштық қызметке тарту. Сондай-ақ әртүрлі білім беру ұйымдарының педагогтеріне де өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, ғылымдағы жолды бір арнаға тоғыстыру. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив