4 тамыз күні облыстық драма театрының ғимаратында Ұлы Отан соғысының ардагері, Социалистік Еңбек Ері, Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы Бошай Кітапбевтың 90 жасқа толу мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Мерейтой иесіне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев құттықтау телеграммасын жолдап, оған мықты денсаулық, отбасына амандық тіледі.
Еңбегі сіңген ардагерді құтықтауға облыс әкімі Б. Сапарбаев, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткерлер, сонымен қатар, мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің басшылары, ардагерлер және облыс аймағындағы қалалар мен аудандардың құрметті азаматтары келеді деп күтілуде.