KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
444.14 477.05 4.85

Семейде нашақорлықпен күрес күніне орай спорттық жарыстар өтті

12.08.2013, 18:00 120


«Даналық» қоғамдық қоры Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің жастар орталығымен бірлесіп «Орбита» балалар лагерінің базасында «Көңілді старттар» жарыстары мен нашақорлықпен күрес күніне орай семинар-тренингтер өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің мәліметіне сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, аталмыш шара Семей шаһары жастары арасында нашақорлықтың алдын алуға көмектеседі.

Семейде нашақорлықпен күрес күніне орай спорттық жарыстар өттіСпорт сайыстарына ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға арналған №8 отбасылық типтес балалар үйінің 14 пен 16 жас аралығындағы 26 тәрбиеленушісі қатысты. Олар жарыстарда ептіліктері мен күштерін сынап, өздерінің спортқа қаншалықты бейімділіктерін көрсетті.

Сайыстардың қорытындысы бойынша команда мүшелерінің барлығы арнаулы сыйлықтармен марапатталды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив