KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2,6 м/с, Ю
481.84 531.33 5.07

Оксфорд университетінің студенті ат басын тіреген отызыншы мемлекет Қазақстан болды

11.08.2013, 18:00 113


Семейге ағылшындық саяхатшы Уильям Джонтсон келді. Ол Англиядан шығып, бүкіл әлемді аралап келеді екен. Қазақ елі 23 жасар Оксфорд университетінің студенті ат басын тіреген отызыншы мемлекет екен, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Университетте сабағын оқып, бос уақытында велоспортпен айналысқан жас жігіт велосаяхат жасауға бел буыпты. Бұл сапарын былтырғы наурызда бастаған саяхатшы жарты жыл ішінде Европа мен Орталық Азия елдерінде болған.

– Мен Қазақстанды Англиядан әлдеқайда үлкен екендігін білмеппін. Жол ұзақ екен. Әрбір 200-300 шақырым сайын тоқтап, демалып отырдым, – дейді ол.

Шетелдік қонақтың келгеніне қуанған семейлік студенттер онымен ағылшын тілінде тілдесті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив