KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
467.29 501.03 5.35

Шығысқазақстандық боксшы алтыннан алқа тағып, спорт шебері атанды

10.08.2013, 18:00 208


Қостанай қаласында бокстан ағайынды Орал мен Қорған Айтеновтарды еске алу құрметіне арналған XIV халықаралық дәстүрлі турнир өтті. Осы бәсекеде 75 келі салмақ дәрежесінде облыс намысын қорғаған Шар қаласының былғары қолғап шебері Жасұлан Мұратхан алтыннан алқа тақты. Бұл жүлдесімен қатар оған спорт шебері деген атақ берілді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Жастайынан спортты серік еткен Жасұлан осы жеңісіне қол жеткізгенге дейін ұзақ жылдар бойына шеберлі-гін шыңдап, тәжірибе жинады. Талай байрақты бәсекеде өнер көрсетті.

Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановты еске алу құрметіне арналған бокстан жастар арасындағы XII халықаралық турнирде ол қола медальмен марапаттал-ған. Сол сияқты жерлесіміз Павлодар қаласында өткен жастар арасындағы III республикалық ойындарда спорт шебері атағына лайықты өнер көрсе-тіп, мамандар көзіне түскен. Бұдан өзге де жарыстарда топ жарып жүр.

Енді міне, 18 жастағы спортшы бала кезінен ұмтылған мақсатына жетті. Бірақ, Жасұлан мұнымен шектеліп қалмақ емес, болашақта әлемдік деңгейдегі ірі турнирлерге қатысып, Олимпиада ойындарында бақ сынап көрсем дейді. Спорттағы ең жоғары атақ – Олимпиада чемпионы атану үшін тынбай еңбек етіп, жатпай-тұрмай жаттығу қажеттігін де спорт шебері жақсы түсінеді.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив