KZ
Өскемен
-7°
туман жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Түркістанда Шығыстың боксшылары алғашқы үштікке енді

14.04.2013, 18:00 182


Түркістанда Сидней олимпиадасының бокстан чемпионы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған халықаралық турнирде ШҚ облысының боксшылары бірінші үштіктен орын алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жарысқа Өзбекстанның, Ресейдің, Тәжікстанның, Қырғызстанның және еліміздің барлық облысынан 1995-1996 жылдары туған былғары қолғап шеберлері қатысып, он салмақ дәрежесінде бәсекеге түсті. Бұл жарыстың ерекшелігі, жеңімпаз атанған боксшылар спорт шебері атағына ие болады.

Турнирге қатысқан біздің облыстың боксшылары да жақсы өнер көрсетіп,жүлделі орындарды иеленді. Нақтырақ айтқанда, 49 келі салмақ дәрежесінде Иван Ковалев қарсыластарының бірде-біреуіне бет қаратпастан ақтық бәсекеге алқынбай жетті.

Ол шешуші бәсекеде Оңтүстік Қазақстан облысының боксшысы Шалқар Айқынбаймен сайысқа түсіп, аса тартысты өткен жекпе-жекте жеңісті қолдан бермеуге барын салды. Екеуі де бір-біріне сайма-сай екен, оңайлықпен дес бере қоймады. Жергілікті жанкүйерлер Шалқарды қолдап, ыстық ықылас танытты. Уақыт аяқталуға жақындаған сайын олар
өте сақ қимылдады. Сайыстың шешуші сәтінде ғана айласын асырған Шалқардың басымдылығымен аяқталды. Иван жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. Дәл осы салмақта жерлесіміз Арнал Қанапиянов үшінші орынды иеленді.

Ең күшті боксшылар іріктеле келіп, соңғы сынақтарға қадам басқан шақтарда жерлестеріміз күш-қайраты осал емес екендігін көрсетіп, көпшілік көңілінен шыға білді. Соның нәтижесінде 52 келі салмақ дәрежесінде Тілек Қадырханов, 60
келіде Айдархан Нұханов, 75 келіде Жасұлан Мұратхан бірінші үштіктен орын алды.

Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив