KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
442.05 474.14 4.74

Тәжірибе жинау үшін Павлодарға барып қайтты

6.08.2013, 18:00 74


Зырян қаласының мамандары жастарды тәрбиелеу, жастар саясаты саласында әріптестікті нығайту ма0сатында Павлодар облысындағы жастар бастамаларын дамыту орталығында болып қайтты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аталмыш орталықта тек студент және ауыл жастарымен жұмыс жүргізіліп қана қоймай, сонымен қатар мүмкіндіктері шектеулі жандар арасында жастар саясатын жүзеге асыру бойынша көмек көрсетеді. Шығысқазақстандық қонақтар ЖҚО қызметімен ( жастарды қамтамасыз ету орталығы) танысты. Орталықтың жуық арада ғана ашылуына қарамастан бұл жерде жастарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын жүзеге асыруға жұмылдыру бойынша кең ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Осы кездесу барысында зыряндық мамандарға аудан ауқымында жастар саясатын дамытуға байланысты көп әдістемелік көмек көрсетілді. Біздің қызметкерлерге әсіресе Павлодар облысы жастарының «қауіпті» топтағы адамдармен, мүгедектермен атқарып жатқан жұмыстары ұнады.

Осы іссапар кезінде өзара тиімді, әріптестік, теңдік негіздегі әріптестік қарым-қатынас туралы мемарандумға қол қойылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив