KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

Облыстың жас құтқарушылары төртінші орында

4.08.2013, 18:00 95


Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жас құтқарушылары Беларусь Республикасында өткен ХІ халықаралық жас құтқарушы-өрт сөндірушілер слетіне қатысып, төртінші орынды иеленіп қайтты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Әзірбайжан, Армения, АҚШ, Оңтүстік Корея, Латвия, Литва, Польша, Молдова, Ресей, Украина, Сербия сынды 13 мемлекеттің өкілдері қатысқан слетке еліміздің атынан сынға түсу жас құтқарушылар мектебінде дәріс алып жатқан өскемендік жеткіншектерге бұйырыпты.

Гомель түбіндегі Боровое шатқалында орналасқан дала лагерінде ел намысын қорғаған жас құтқарушыларымыз жақсы нәтиже көрсетіпті. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың өрт сөндіру эстафетасы кезіндегі шеберліктері ескеріліп, шығармашылық байқауда да әділ қазылар тарапынан жоғары баға алған көрінеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив