KZ
Өскемен
+15°
небольшой проливной дождь жел 2 м/с, ОШ
443.16 480.39 4.94

Жас өрт сөндірушілер Минскіге аттанды

17.07.2013, 18:00 144


Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментіндегі жас құтқарушылар мектебінің оқушылары жазғы демалысқа қарамастан, сабақтарынан бірде-бір күн қалған емес, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өйткені, олар Беларусь Республикасында жас өрт сөндіруші-құтқарушылар арасында өтетін ХІ халықаралық слетке қатысуға дайындалды. Аталған шарада біздің республикамыздың намысын қорғайтын жеті бала департаменттің базасында бірнеше бағыт, атап айтқанда, алғашқы медициналық көмек көрсету, өрттен сақтану негіздері, апаттан құтқару жұмыстарын жүргізу және өрт-құтқару спорты элементтерін бағамдау бойынша әзірленді.

– Бұл балаларды шынымен де үлкен сын күтіп тұр. Оған қоса, біздің балалар минскілік әріптестерімен тәжірибе алмасу мақсатында шеберлік кластарын да өткізбек, – деді балаларды Өскемен қаласының әкімі қабылдаған кездесуде қалалық төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз хатшысы Марина Лискова.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив