KZ
Өскемен
+33°
ясно жел 1 м/с, С
467.29 501.03 5.35

Банк қызметкерлерінің сайысы Өскеменде мәреге жетті

29.07.2013, 18:00 72


Өскемендегі қалалық денешынықтыру-сауықтыру кешенінде банк қызметкерлері арасында үш айға жуық уақытқа созылған спартакиаданың жабылу рәсімі өтті. Салтанатты шара барысында жарыс қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жыл сайын өткізілетін бұл спорт мерекесі биыл ұлттық валюта – теңгенің қолданысқа енгеніне 20 жыл толуына арналды.

Аталмыш спартакиадаға қатысқан 10 команда волейбол, баскетбол, футбол, жеңіл атлетика, шахмат, боулинг, бильярд сынды спорт түрлерінен бақ сынады.

– Спартакиада кезінде Тұран Әлем банкі мен Альянс банк қызметкерлері өте жақсы ойын өрнегін көрсетті. Ең бастысы, қатысушылардың спартакиадаға үлкен жауапкершілікпен қарағанын аңғардық. Сайыстың өту деңгейі жылдан жылға артып келеді. Олар жарыстың дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұратынына үйреніп, жақсы дайындықпен келетін болды, – дейді халықаралық дәрежедегі төреші Владимир Гелерт.

Сайыс қорытындысы бойынша Тұран Әлем банкі І орынды, Альянс банк ІІ орынды, Ұлттық банк ІІІ орынды иеленді.

Меруерт Молдағалиева
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив