KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Оқушылар Катонқарағай ауданында саяхатқа барып қайтты

28.07.2013, 18:00 186


Катонқарағай ауданы Үлкен Нарындағы лицейдің 6-11 сынып оқушылары мектеп директоры Алмагүл Алыбаеваның ұйтқы болуымен және сынып жетекшілерінің бастауымен ауданның Катонқарағай өңіріне бір күндік саяхатқа барып қайтты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мұндай саяхат лицейліктер үшін жаңалық емес. Бұдан біраз жыл бұрын оқушылар мұғалімдерімен бірге «Рахман қайнары», Қара көл, Берел қорымы, Тарбағатай таулары, сондай-ақ, Бұқтырма су қоймасының жағасында демалып қайтқан-ды. Оқушылар сол саяхаттардан алған әсерлерін әлі күнге дейін жыр ғылып айтады.

Олар осынау сапарды да көптен күткен екен. 4 автобуспен, аудандық ішкі істер бөлімінің жол полициясы қызметкерлерінің жетекшілігімен әсем табиғатты Катонқарағай өңіріне жеткен балалар түске дейін оның бұлтпен астасқан асқар шыңдарын, қалың қарағайы мен бұрын-соңды көрмеген сан түрлі өсімдіктері мен жайқалған гүлдерін, бәрін-бәрін бейне ертегілер әлемінде жүргендей әсерде тамашалады.

Ал түс ауа нақты жасалған бағдарлама бойынша спорттық ойындар мен эстафеталық жарыстар өтті. Төрт топқа бөлініп, сайысқан ойындардың жеңімпаздарына сыйлықтар тарту етілді. Онан соң волейбол ойнап, бой сергіткен оқушылар сан түрлі сауалнамаларға қатысып, алау басында сыр шертісті.

Сөйтіп, таулы өлке табиғатының әсем көркімен қимай қоштасқан саяхатшылар кешке қарай Үлкен Нарынға жол тартты. Бұл саяхаттан алған әсерлері оқушылардың көңілдеріне туған жерге деген ерекше сезім ұялатқан еді.

Тұрсынхан Базарбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив