KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Оқушылар Ақбауырға саяхатқа шықты

4.06.2012, 18:00 217




Егінсу ауылдық округіне қарасты Ұлан ауылындағы С.Аманжолов орта мектебінің 6-сынып оқушылары «Ақ- бауыр» тарихи қазынасын көруге саяхатқа шықты.

Туған өлкесінің тарихын біліп, оның қадыр-қасиетін түсіну өскелең ұрпақ үшін өте маңызды. Осы ретте мектеп ұстаздары оқушыларды ауданның ең ғажайып жерімен таныстырды.

И.Қайсариянова, И.Ермек, А.Төлеуханов, Р.Ержанов тарихи орыннан алған әсерлерімен бөлісті. Олар саяхаттан алған әсерлерін айтып берді. Әсіресе, балаларды тасқа салынған суреттер қызықтырыпты. Оқушылармен бірге география пәнінің мұғалімі Ф.Ибраева, тарих пәнінің мұғалімі Г.Зейнетаева, тәрбие жөніндегі меңгеруші Н.Исқанова барды. Мұндай тағлымы мол тәрбие жұмыстары алдағы уақыттарда тағы жалғаспақ.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив