KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 3 м/с, СШ
481.84 531.33 5.07

Мүйіз кесу науқаны Катонқарағайда аяқталуға жақын

23.07.2013, 18:00 188


Катонқарағайда мүйіз кесу науқаны аяқталуға жақын. Аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің алдын ала есебінше, биыл шамамен 2 тоннадай консервацияланған сапасы жоғары панты алу жоспарда бар, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ауданда құрылған 11 шаруашылықтың 9-ы асыл тұқымды маралдарды өсіруге бағытталған. Олардың есебінде қазір 5,5 мың басқа дейін марал мен теңбіл бұғы бар.

– Облыс Әкімінің тікелей қолдауымен кейінгі жыл-дары марал шаруашылығын субсидиялау қолға алынды. Биыл облыстық бюджеттен 31 миллион теңге қаржы бөлінді. Бұл – марал шаруашылығын дамытуға үлкен қолдау. Аталған салада жоспарланған ветеринарлық шаралар толығымен жүзеге асырылды, – дейді аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Рақымғали Бәйгереев.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив