KZ
Өскемен
+5°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
488.45 529.19 5.04

Көлік салығы Қазақстанда қымбаттайды

18.07.2013, 18:00 146


2014 жылдан бастап қозғалтқышының көлемі 3 мың текше см.-дан асатын жеңіл көліктер үшін мемлекетке төленетін салық мөлшері 4,5 есеге дейін көбеймек. Бұл туралы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасында жерге, жылжымайтын мүлiкке, алкагольге, темекiге, сондай-ақ, қозғалтқыш көлемi 3 мың текше см.-дан асатын жеңiл және 5 тоннадан жоғары салмақта жүк таситын көлiктерге салықтық ставкаларды өзгерту көзделген.

Мәселен, қазір қозғалтқыш көлемi 3 мыңнан 3 200 текше см.-ға дейінгі мәшинелерге 15 АЕК мөлшерінде салық төленсе, заң жобасы күшіне енген соң бұл 35 АЕК-ге дейін өсіріледі. Сол сияқты 3200-3500 текше см. үшін 46 АЕК, 3500-4000 текше см.-ға 66 АЕК салық төленбек.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив