KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 9 м/с, СБ
483.23 534.74 5.12

Өскемендегі иесіз ит-мысықтарға тегін стерилизация жасалады

11.05.2018, 06:11 225

Стерилизация бағдарламасы мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады екен. Өскеменде бұл қызметтерді көрсету бойынша тендерді «Преданное сердце» ҚБ мен «Феникс» ветеринарлық емханасы ұтып алыпты. Бұл туралы аталмыш қоғамдық бірлестік өзінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында хабарлап отыр.


Қаңғыбас ит-мысықтар мен мемлекеттің олармен күрес шаралары қоғамда ұдайы қызу пікірталас тудырады. Себебі, олар көбейіп кеткенде, ату немесе арнайы дәрі-дәрмектермен жансыздандыру әдістері арқылы саны азайтылады. Бірақ кейбір өңірлерде хайуанаттардың көзін жоюда гуманистік әдісті қолдану жиілеп келеді. Соның бірі – стерилизация (ұрықсыздандыру).


Бүгінгі таңда аталмыш шара Өскемен қаласында қолға алынды. Кез келген адам хайуанаттарды стерилизациялауға жолдама ала алады. Нақтырақ айтқанда, мысықтар мен иттерді. Бағдарлама 2018 жылдың 14 желтоқсанына дейін жалғасады.


Қойылатын талаптар: ит не мысық панасыз болу керек, оны дәлелдеу мақсатында аулау актісі толтырылады. Сондай-ақ, стерилизацияға өтініш  толтыру қажет. Тәлімгер отадан кейінгі күтімді де қамтамасыз етеді. Дене қызуы бар, науқас хайауанаттар отаға жіберілмейді.


Хайуанаттар Феникс ветеринарлық емханасында қабылданады. Тек ота ғана төленеді. Ал станционардағы қосымша емделу курсы бағдарламаға кірмейді. Мысықтарды ұрықсыздандыру 100%, иттерге 12 000 теңгеге дейін төленеді. Қосымша қаржыны толығымен қайырымдылық жасаушы өзі төлейді.


Жазылу келесі телефондар бойынша: +77051490134 (18-00-ден кейін), +77051356994 (18-00-ге дейін).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив