KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 3,7 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Өскеменде жастар күні мерекесін кең ауқымда тойлаймыз

2.07.2013, 18:00 191


Елордамыз Астана қаласының туған күні аясында шілденің 5-і күні Өскеменде жастар күні мерекесі кең ауқымда аталып өтілмек. Дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан бұл мереке биыл ерекше мәнерде тойланғалы отыр.

Сол ерекшеліктің бірі бүгінде Астанада тұратын, Шығыстың тумасы Айдос Тоқтарбаевтың Гиннес рекордтар кітабына жазылуға лайықты өзінің бағдарламасын жалпақ жұртшылыққа ұсынуы болмақ.

Осы күні түскі сағат 12:00-де қаладағы Комсомол аралында бірқатар спорттық ойындар ұйымдастырылады, оның ішінде футбол, пейнтбол т.б. Қатысуға ниетті командалардың бәріне жол ашық.

Мерекенің негізгі бөлігі Ертістің жағасында орналасқан ашық аспан астындағы амфитеатрда өтеді. Мұнда кешкі сағат 18:00-де еліміздің әр өңірінен келген паркуристер көпшілікке өз өнерлерін ұсынады. Сол сияқты боди-арт (денеге сурет салғызу), фотосессия (тегін фотосуреттер беріледі), фримаркет (тегін тауар үлестіру, концерттік бағдарлама және қаланың жастар саясатына өзіндік үлесін қосып жүрген жекелеген тұлғалар мен жастар ұйымдарын марапаттау рәсімі болады. Кешкі сағат 19:00-де Металлургтер мәдениет сарайынан басталып Спорт сарайы, Стрелка ықшамауданы арқылы Ертістің жағалауымен амфитеатрға дейін велосипедшілер шеруі жалғасады. Шеруге 60-70 велошабандоз қатысады деп күтілуде. Сағат 20:00-де бикини байқауы мен жастарға арналған би кеші ұйымдастырылады.

– Мерекелік шарамыздың ең қызықты жері кешкі сағат 21:00-де, яғни Астанадан келетін Айдос есімді қонағымыз бұған дейін ешбір жерде көрсетілмеген өзінің тың бағдарламасын бұқара халыққа ұсынады. Айта кетейік, бұл керемет қойылымды Гиннестің рекордтар кітабына енгізу үшін бейнетаспаға түсіріп алып, жібереміз. Тиісті ұсыныстар алдын-ала жолданып қойған. Егер жауапты орындар бұл көрсетілімді аталған кітапқа жазуға лайықты деп тапса, Астана күніне орай өскемендіктердің жасаған үлкен сыйлығы болар еді, - дейді «Жастар орталығының» директоры Данияр Тоқтарбаев.


ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив