KZ
Өскемен
+25°
ясно жел 2 м/с, СБ
464.72 496.32 5.4

Ұялы телефон байланысы арзандайды

3.02.2013, 18:00 221


Қазақстандық ұялы байланыс операторлары қызмет көрсету ақысын 15 пайызға арзандатады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Болатбек Қуандықов мәлім етті.

Оның айтуынша, бүгінде елдегі ұялы байланыс қызметтерінің барлық түрлерінің бағасы ТМД мемлекеттерінің ішінде ең жоғары. Соған орай бағаны реттеу бағытында агенттік тарапынан тиісті шаралар жүзеге асырылып жатқан көрінеді.
Ұялы байланыс нарығындағы бәсекелестікті жаңа операторлар табу арқылы дамыту мақсатында агенттік тарапынан интерконнект мөлшер-лемесінің бағасын төмендету жұмыс-тары жүргізілуде. Ағымдағы жылдан бастап ұялы байланыс операторларына қызмет көрсету құнын 15 пайызға дейін біртіндеп арзандату жөнінде тиісті құжаттар жіберіліп, хабарландырылған.

Дегенмен агенттік төрағасы жоғарыда аталған 15 пайыздық межеге нақты қай уақытта жететінін айтқан жоқ.

Сонымен қатар Көлік және коммуникация министрлігі бұл күнде ұялы байланыс қызметтерінің бағасына қайта сараптама жүргізу шараларын аяқтауға жақын қалды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив