KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

Облысымызда қанша Достық үйі бар?

1.05.2013, 18:00 281


– Өскемен қаласында облыстық Достық үйі жұмыс істеп келеді. Естуімше, өңіріміздің қала-аудандарында да осындай үйлер бар көрінеді. Сұрайын дегенім, облыста нақты қанша Достық үйі бар және олар қай жерлерде орналасқан?

Шынар Есімбекова
Өскемен.

Бұл сұраққа жауап Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің ресми сайтындағы мәліметтер негізінде әзірленді.

– Облыста 105 этнос өкілі келісім мен достықта өмір сүруде. Шығыс Қазақстанда кіші Қазақстан халқы Ассамблеясының бірегей инфрақұрылымы құрылған. Оған береке-бірліктің алтын бесігіне айналған 9 Достық үйі қарайды. Атап айтсақ, Өскеменде облыстық Достық үйі орналасқан, сондай-ақ, Семей, Риддер және Курчатов қалаларында, Глубокое, Шемонайха, Зырян, Бородулиха, Бесқарағай аудандарында жергілікті Достық үйлері жұмыс істейді. Бесқарағай ауданындағы Достық үйі осы жылдың басында ғана құрылды.

Еліміздегі алғашқы Достық үйі 1992 жылы Өскеменде ашылғанды. Бұл бастама одан кейін еліміздің өзге өңірлерінде қолдау тапты. Қазақстан бойынша ең алғашқы болып салынған Өскемендегі этноауылда мәдени бірлестіктердің 16 үйі тұрғызылған.

Өз шаңырағының астына көптеген этномәдени бірлестікті жинаған Достық үйлері барлық ұлт өкілдерін ұйыстырып қана қоймай, оларға бір-бірінің тілін, ділін, мәдениетін үйренуге мол мүмкіндік беруде.

Ұлттық-мәдени бірлестіктер мен Қазақстан халқы Ассамблеясы облыста тұратын барлық халықтардың салт-дәстүрі мен тілдерін жаңғыртудың, көпұлтты қоғамды нығайтуға бағыттал-ған көптеген игі бастамалардың ұйтқысы болып отыр.

Ержан Әбіш

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив