KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

Шығыста паллиативті көмек көрсететін мекемені ашатын кез жетті

24.06.2013, 18:00 191


Облыста онкологиялық аурумен ауыратын 11 300 адам тіркеліп отыр. Ал туберкулезге шалдыққандардың саны жағынан аймақ еліміз бойынша төртінші орында тұр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қатерлі ісік сияқты айықпас дертке шалдыққандардың, дерт меңдеген өзге де нау-қастардың жанына батқан ауруын жеңілдету шараларының жасалмай жатуынан қаншама жан соңғы сағаты соққанша ауруымен арпалысып, көз жұмуда. Медицина тілімен айтқанда, өмірден күдер үзген оларға ешқандай паллиативті көмек көрсетіліп жатқан жоқ.

«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбековтің төрағалығымен өткен дөңгелек үстелде облыстық қоғамдық кеңестің денсаулық сақтау жөніндегі сарапшылар комиссиясы тез арада өңірде ауыр науқастарға паллиативті көмек көрсететін орталық ашу қажет деген тұжырымға келді.

Қоғамдық кеңестің денсаулық сақтау жөніндегі сарапшылар комиссиясының төрайымы Татьяна Чернышова: «Тавриядағы «Хоспистің» өзінде ауырған жерді жансыздандыратын дәрі-дәрмектерді пайдалануға лицензия жоқ. Біздің мақсатымыз – ауыр науқасқа, оның туғандарына көмек, қолдау көрсететін орталық ашу. Сонымен қоса ол мекеме алыстағы аудан, қалаларда емес, облыс орталығында немесе Семейде, яғни, ауыр науқастың туыстары қатынай алатын жерде орналасуы қажет. Шетелдерде әлдеқашаннан бері көрсетіліп келе жатқан паллиативті көмек көрсететін мекемені ашудың уақыты әбден жетті» дейді.

Облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігері Жомарт Кенжалин де осындай пікірде.
Сарапшылар комиссиясы келместің кемесін күтіп жатқан жандарды қайғыға батырмай, қол ұшын беріп, көмек көрсетуге мемлекеттік емес ұйымдарды да тартып, орталықты мемлекеттік - жеке серіктестік негізде құруды жоспарлап отыр.

Жанаргүл Мұқатай

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив