KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 1,1 м/с, Ю
452.92 484.99 5.12

Республика чемпионатында топ жарды

19.06.2013, 18:00 118


Петропавл қаласындағы «Жеңіс» спорт кешенінде қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Үш күнге созылған бұл жарысқа еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан жалпы жиыны 165 балуан қатысты.

Жалпыкомандалық есепте біздің облыстың балуандары үздік шықты. Екінші орынды Алматы қаласының, ал үшінші орынды Қарағанды облысының балуандары еншіледі.

Елдегі барлық сынақтардан сүрінбей өтіп жүрген біздің облыстың балуандары ерледі. 90 келі салмақта Мұхит Тұрсынов пен Бекзат Ахметбеков (Қарағанды облысы) бірінші орын үшін күресті. Мұхит шешуші бәсекеде қарсыласынан басым түсті. 90 келіден жоғары салмақта Айбек Нұғымаров пен Шалқар Жоламанов ең мықты балуан екендерін дәлелдеп, бірінші, екінші орындарды иеленді. Абсолютті салмақта Шалқар Жоламанов қарсыластарының бірде-біреуіне бет қаратпады. Әсет Ахметжан үшінші орынды еншіледі.

Шығысқазақстандық балуандардың осындай жемісті де жеңісті жолдары «Қазақстан барысы» республикалық турнирінде де жалғаса түссін демекпіз.
Сондай-ақ, республика чемпионатында топжарғандар әлем, ал жүлдеге ілінгендер құрлық бәсекесінде ел намысын қорғайды.

Мәлімет көзі Altaynews. kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив