KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 4 м/с, ОБ
443.72 482.28 4.9

«Достық үйі» Ақжарда өнер көрсетті

17.06.2013, 18:00 143


Жуықта Ақжар мәдениет үйінде Өскемендегі «Достық үйінің» шығармашылық ұжымы концерттік гастрольмен болып қайтты. Концертте Қазақстанның басты игілігі , сенімді кепілі болып отырған бейбітшілік пен келісім , әртүрлі ұлыстар бірлігі паш етілді.

Облыстың ең шалғай ауылдарына ат басын бұрып, ұлтаралық ауызбірлік тұрғысындағы осы бастаманы облыс әкімінің тапсырмасымен Достық үйінің директоры Э.Төлеубеков бастап келді. Өскеменнен жеткен өнер керуенін қазақы дәстүр бойынша Ақжар ауылының ақсақалдары бата беріп қарсы алды. Аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасының орынбасары Т.Халықов қонақкәде құттықтау сөз сөйледі. «Ақниет» әжелер клубындағы ақ жаулықты әжелер шашу шашып достық көңіл білдірді. тапсырды.

Өнер ұжымындағы 22 этнобірлестіктің өнерпаздары орыс , шешен, белорус, украин, корейлер мен қазақтардың өнеріне зал толы көрермен ыстық ықыласпен қошемет көрсетті. «Атамұра» ансамблі С.Мәуленовтың сөзіне жазылған Б.Әшірбаевтың әні «Тарбағатай тауларын» әуелетсе, А.Костюк жетекшілік ететін «Русская песня» халықтық ансамблі, шешендердің этномәдени бірлестігінен «Вайнах» ансамблі, қобыздың сүйемелдеумен «Ағажай Алтай» әні, татар әншісі Б.Төкенова, «Сымбат» би тобының әр халықтың билері , «Ажар» тобы , корейлердің «Ариан» вокалды тобы, «Азери» би тобының өнерлері таңдай қақтырды.

Жиналған көрермен украин халқының қолөнербұйымдары көрмесін де тамашалады. Көрмені көп жылдан бері «Чарівниця» қолөнер бұйымдары үйірмесін жүргізетін Р.Авдеева ұйымдастырып әкеліпті. Концерт соңы Шығыстың Мұқағали атанған Хамит Балшабековтың «Туған жер» әнімен аяқталды . Ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту жолындағы бұл бастамада өзге ұлт өкілдері шалғай ауылдың тыныс тіршілігін көріп, танысты.

Мәлімет көзі Altaynews. kz
Ш.Көпшікбаева




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив