KZ
Өскемен
+12°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
441.79 478.77 4.9

Жастарға жат ағымдар жайында түсінік берілді

13.06.2013, 18:00 138


Құрамында Күршім аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Арай Қасымбаева, аудандық білім бөлімінің әдіскері Мәншүк Қасымбаева, аудандық мешіттің имамы Тілейбек Соянұлы және аудандық ішкі істер бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі Әділ Мұсақанов бар дін мәселелері бойынша аудандық ақпараттық-насихат тобы №5 Күршім орта мектебінде оқушылармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Кездесу барысында топ мүшелері бүгінгі таңда қоғамдағы дін мәселесінің аса маңызды тақырыптардың біріне айналып отырғанын айта келе, соңғы кездерде біздің елімізде де етек ала бас-таған экстремистік пиғылдағы діни ағымдар жайында әңгімелеп, оларға қатысты нақты дәлелдерді ортаға салды. Діни экстремизмнің қоғамға келтіретін залалы сипатталып, бұл дінбұзарлардың басты мақсаттары дәстүрлі діни құндылықтарға қарсы шығу, тыйым салынған діни ағымдардың қызметін пайдалана отырып, қоғамдағы береке-бірлікті іріту екендігі ұғынықты тілмен баяндалды. Жат ағымдардың өз қатар-ларына жасөспірімдерді көптеп таруға күш салып отырғаны баршамызды алаңдатуға тиіс, ал мұндай ке-леңсіздікпен күресті ақпараттық насихат арқылы, яғни, тыйым салынған діни ағымдардың қызметінің теріс тұстарын жас буынның санасына нақтылы мысалдармен сіңіру арқылы жүргізу қажет екендігі баса айтылды.

– Алыс-жақын шетелдерде орын алып жатқан жантүршігерлік террорлық қастандықтарды, жарылыстарды теледидардан көріп, баспасөз бетінен оқығанда бұл ағым-дардың көздегендері дінді желеу ету арқылы халықтың тыныштығын бұзу екендігін бірден түсінесің, – деді кездесу қорытындысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ринат Нұрбек. – Соңғы кездерде біздің елімізде де дәстүрлі діни бағыттар мен салт-санамызға сіңген діни көзқарастарға үйлеспейтін алуан ұстанымдар көрініс бере бастады ғой. Сол себепті жас буынға қоғамға жат ағымдар, олардың ел өміріне әкелетін залал-зардаптары жайында нақтылы түсінік беретін осындай кездесулерді жиі өткізіп отырудың пайдасы мол екені сөзсіз.

Хасен Зәкәрия


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив