KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 1 м/с, С
441.44 473.09 4.75

Зыряндық дәрігерлер діни сауаттарын көтеруге мүмкіндік алды

18.03.2013, 18:00 183


Зырян қаласындағы №1 медициналық бірлестігінде діни ағымдардың мәнін түсіндіру жөніндегі аудандық ақпарттық топ мүшелерімен кездесу өтті. Кездесуге қатысушылар діни экстремизм және дәстүрлі емес діни ағымдардың таратылу мәселелерін талқылады , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Дәрігерлер дәстүрлі емес діни бірлестіктердің мәселелерін, секта, діни радикализм және экстремизмнің қоғамға кері әсері және осы қауіп-қатерлердің бетін қайтару проблемаларын қозғады. Ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.Б.Сансызбаев ішкі «сүзгі» туралы айтып, дінге деген ерекше ықыласты таңдауда жауапкершілік әрбір адамның өзінде болу керектігін ескертті. Бұл туралы Президент Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында да айтып өткен.

«Ересек адамдар өздерінің діни сауаттылықтарын көтеріп, өздерінен кіші жастағы туыстарына, таныстарына дәстүрлі емес діни ағымдардың залалын түсіндіре білулері керек. Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған көптеген сауалдарға тұщымды жауап алды. Осындай насихат-ақпарат жұмыстары тұрғындардың діни мәдениетін көтеруге септігін тигізеді» дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Ж.Матаева.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив