KZ
Өскемен
-15°
переменная облачность жел 1 м/с, С
494.95 525.49 5.05

Көкжайықта салынған үйлер жаңа иелерін қабылдауға дайын тұр

13.06.2013, 18:00 129


Көкпекті ауданындағы үш ауыл ауылдық елді мсекендерді дамыту бағдарламасына қатысады. Дәл осы ауданда жақын арада республикалық форум өтіп, қонақтар Шығыс ауылдарының даму барысымен, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының жүзеге асырылу жағдайымен танысады. Облыс әкімі жұмыс сапары барысында осы үш ауылды да аралап шыққан болатын.

Ауылдағы тамаша үлгі болар ұйымның бірі – Қайрат Тұңғышпаевтың бастауымен құрылған «Тобыл несие» несие серіктестігі. Бір жыл бұрын ол «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 3 млн теңге несие алып, 155 бал ара омартасын сатып алған. Бүгін жаңа жұмысо рындарын ашып, агротехникалық колледжбен белсенді серіктестікте жұмыс істеуде. Аталмыш оқу орны осы салаға қажетті мамандарды әзірлейді.

Ауылда жиһаз цехі, салт-жора қызмет бюросы, шаштараз ашылған.тірек ауылдарын дамыту бағдарламасы аясында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік нысандар ашылуда. Мысалы спорт модулі іске қосылмақ. Ғимараттың аумағына қатысты ұсақ-түйек жұмыстар ғана қалған.

- Мұндай республикалық форум бірінші рет ауылдық жерде өтпекші, - дейді Бердібек Мәшбекұлы. – бұл үлкен қалалар ғана емес, ауылдардың да дамып жатқанын көрсету үшін. Мемлекеттік бағдарламалар мұнда да толыққанды жүзеге асырылуда. Республика бойынша біздің облыс тірек ауылдарын дамыту бойынша алдыңғы қатарда.

Сондай-ақ жұмыс сапары барысында Преображенка, Үлкен Бөкен, Көкжайық ауылдарына да ат басы тірелді. Мұнда да «Жұмыспен қамту-2020» жүзеге асырылуда. Енді кәсіпкерлердің басты міндеті – алған несиелерін қайтару, бұл басқалар да несие алып, өз істерін бастауға мүмкіндік алу үшін қажет.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының үшінші бағытын бастау үшін Көкжайықта 10 екіпәтерлі үй салынған. Бұл үйлер жаңа иелерін қабылдауға әзір тұр.


ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу