KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Семей қаласындағы мемлекеттік университет пен пединститут қайта құрылады

12.06.2013, 18:00 159


Семей қаласындағы мемлекеттік университет пен пединститут қосылады.Бұл жөнінде Білім мен ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Әлия Ғалымова мәлімдеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.


«Ақтөбе мемлекеттік университеті мен Ақтөбе пединститутын, Семей мемлекеттік университеті мен пединститутын бір-біріне қосу арқылы қайта құру туралы Үкімет Қаулысы қабылданды» деді Ә.Ғалымова Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Баяндамашы студенттердің құқы бұзылмайтынын ескертті. "Бұл жұмыс жалғасын табады. Ең бастысы, біз студенттер құқы аяққа тапталмайды деп ойлаймыз. Олар сол өңірдегі немесе басқа жердегі басқа жоғары оқу орындарында білімдерін жалғайтын болады», деп атап өтті жауапты хатшы.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басында премьер-министр Серік Ахметов Білім және ғылым министрлігіне жоғары оқу орындарын оңтайландыру жұмыстарын бастауды тапсырған болатын. Кейін Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Қазақстандағы ЖОО-ның саны 100-ге дейін қысқаратынын хабарлады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив