KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
443.37 474.49 4.83

Семейліктер заңгерлерден құқық сұрақтары бойынша кеңес алды

10.06.2013, 18:00 193


«Нұр Отан» ХДП Семей қалалық филиалында республикалық «Әділет кеңес береді» акциясы аясында азаматтарды құқық сұрақтары бойынша қабылдау жүргізілді. Шараның негізгі мақсаты – жергілікті тұрғындардың құқықтық сауатын арттырып, оларға тегін ақыл-кеңес беру, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Семей қаласы әділет басқармасының басшысы Бейсембек Әл – Сейіт, «Нұр Отан» ХДП Семей қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Дархан Жұмәділов және адвокаттар мен нотариустардың өкілдері тұрғындарға жан – жақты құқықтық көмек көрсетіп, заңнама нормаларына түсініктеме және кеңестер берді.

- Мұндай акциялар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және тұрғындарды толғандырып жүрген мәселелер бойынша тиісті жауап алуға мүмкіндік береді, - дейді Дархан Жұмәділов.

-Жылжымайтын мүлікті сатып алғанда азаматтар оларды тіркеуге қоюда уақыт өткізіп алып жатады. Бұрынғы заңға сәйкес, сатып алынған жылжымайтын мүлікті заңдастыруға уақыт шектелмейтін болса, қазіргі өзгерістерге байланысты әрбір азамат қарауына алған жеке меншік жылжымайтын дүние – мүлкін алған күннен бастап алты айдың ішінде міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өткізуі керек. Бұл өзгеріс мұрагерлікке де қатысты болып отыр. Міне, осындай өзгерістерді халық білмей жатады. Осының салдарынан әкімшілік жауапкершілік туындайды, - дейді Семей қаласы әділет басқармасының басшысы Бейсембек Әл – Сейіт. – Халық үшін тағы бір тиімді оң өзгеріс – әрбір нотариуста жылжымайтын мүлікке келісім – шарт өткізгенде, сол нотариус әділет басқармасына электрондық портал арқылы жіберсе, бір күн ішінде мемлекеттік тіркеуді электронды түрде қайтадан алып, уақыт үнемдей отырып жұмысты жеңілдетуге болады.

Қабылдауға бас – аяғы он адам жазылған. Өздерін ойландырып жүрген түрлі сауалдарына жауап іздеп келгендер қабылдаудан тұщымды жауап ала алды деуге болады. Жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаржысын алғысы келгендер, үйдің құжаттарын жоғалтқандар, жылжымайтын мүліктерін дер кезінде заңдастырмағандар енді қоғамдық қабылдау барысында мамандардың кеңесіне сүйене отырып, тығырықтан шығудың жолын табатын болады.

Е.Жанат

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив