ШҚО Бородулиха ауданында мотоцикл аударылып, жүргізушісі қайтыс болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Облыстық жол полициясы басқармасының мәліметтерінде көрсетілгендей, Жезкент кентінен 3 шақырым жерде жылдамдықты шамадан тыс асырған мотоциклші аударылған. Жол-көлік апатының салдарынан 51 жастағы жігіт ағасы оқиға орнында қаза болды.
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz