KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 3 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Жарма ауданында жол апатынан екі адам көз жұмды

6.08.2013, 18:00 130


Шығыс Қазақстан облысындағы Жарма ауданында Мерседес-Бенц автокөлігі аударылып, екі адам қаза болды , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол сақшыларының берген деректері бойынша, Алматы-Өскемен тас жолының бойымен Жарма ауданы Балықтыкөл ауылының маңында келе жатқан Мерседес-Бенц автокөлігінің жүргізушісі басқаруға ие бола алмай, аударылып қалған. Жол апатының салдарынан иномарканың 44 жастағы жолаушысы алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды. Ал көліктің 44 жастағы жүргізушісі Жарма аудандық ауруханасының жан сақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив