KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 4 м/с, В
472.57 508.34 5.4

Зиянды жұмыстардың тізімін қайдан білуге болады?

10.06.2013, 18:00 231


– Зиянды кәсіпорындар мен мекемелерде жұмыс істейтін әйел адамдар неше жастан зейнеткерлікке шыға алады және қандай жұмыс орындары денсаулыққа зиянды деп есептеледі? Сол туралы мәліметтер берсеңіздер?

Раушан Қалиакперова
Тарбағатай ауданы.

Сауалға Шығыс Қазақстан облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің бастығы Б.Қизатов жауап береді:
– Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің №1 тізімі бойынша әйелдер – 48 жасқа толғанда және жұмыс өтілі кемінде 15 жыл болып, оның кемінде 7 жыл 6 айын аталған жұмыс орындарында істегенде жәрдемақы тағайындалуға құқығы бар.

Сондай-ақ №2 тізімі бойынша әйелдер – 53 жасқа толғанда және жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болып, оның кемінде 10 жылын аталған жұмыстарда істегенде жәрдемақы тағайын-далуға құқығы бар.

Бүгінгі таңдағы қолданыстағы жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің №1 тізімін және еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің №2 тізімін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы №1930 Қаулысына сәйкес тізімдер бекітілген.

Аталған тізімді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайты-нан (www.enbek.gov.kz) қарауға болады.


Дәурен Аллабергенұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив