KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 2 м/с, ОШ
467.29 501.03 5.35

Өскемен қаласында таксистке шабуыл жасалды

5.06.2013, 18:00 112


Өскемен қаласында таксист ретінде нәпақасын тауып жүрген 44 жастағы ер адамға шабуыл жасалған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өскемен қаласының полиция бөлімшесіне таңғы 05.23 сағатта 44 жастағы азаматтан арыз түседі. Оның түсіндіруінше, Юнатов көшесінде тұрған кезде оның «Волга-3310» автокөлігінің салонында белгісіз екі адам оның мойнына арқан салып, қылғындыра бастаған. Олар осылайша әлімжеттік танытып, көлікті иемденбек болыпты.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері екі сағат та өтпестен күдіктілерді қолға түсірді. Олардың біреуі 21 жастағы еш жерде жұмыс істемейтін жігіт, екіншісі де жұмысы жоқ 18 жастағы бозбала. Қазір күдіктілер темір торға қамалған. Көлік иесіне қайтарылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив