KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
444.14 477.05 4.85

Риддер қаласында еш жерде жұмыс істемейтін тұрғыннан өте құнды қару алынды (+сурет)

24.04.2013, 18:00 152


Риддер қаласында еш жерде жұмыс істемейтін 51 жастағы тұрғыннан 1862 жылы шығарылған қару алынды. Бір жарым ғасырлық тарихы бар қару өте құнды дүние болып саналады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі мамандарының айтысына қарғанда, оқиға былайша өрбіген.

Аталмыш қару риддерлік азаматтан «Құқық» шарасы барысында табылды. Оған дейін полиция капитаны Талғат Әмірғалиев пен Ринат Мүкүшевке риддерлік азаматтың ескі қаруды 200 мың теңгеге сатпақ болғаны жайлы мәлімет келіп түскен. Ақпаратты тексеру мақсатында полиция мамандары әлгі адамға келген кезде, ол үйде ешқандай қару жоқтығын айтқан. Алайда соңынан баспанасында тінту жүргізуге келісім береді.
Риддер қаласында еш жерде жұмыс істемейтін тұрғыннан өте құнды қару алынды (+сурет)
Риддер қаласында еш жерде жұмыс істемейтін тұрғыннан өте құнды қару алынды (+сурет)
Риддер қаласында еш жерде жұмыс істемейтін тұрғыннан өте құнды қару алынды (+сурет)
Риддер қаласында еш жерде жұмыс істемейтін тұрғыннан өте құнды қару алынды (+сурет)
Қаруды тапқан полицейлер сол жерде хаттама толтырады. Қарудың иесі оны осыдан 5 жыл бұрын аңға шыққан кезде тауып алдым деп түсіндірген.

Облыстық жедел-криминалды басқармаға сараптамаға жіберілген қаруды тексерген криминалистер оның өте құнды дүние екенін растайды. Мылтықтың атуға жарамсыз болғанына қарамастан, кез-келген коллекционер өз коллекциясында осындай қарудың болғанынан бас тартпас еді, дейді сарапшылар.

Сараптама қорытындысына сәйкес, қару бір стволды, 14,7 калибрлі. Мылтықтың стволында ТОЗ 1862 деген жазу бар, бұл оның шыққан жылы мен өндіруші жайлы ақпарат. Сараптама барысында қарудың Тула мен Ижевск зауыттарында шыққан бөлшектерден құралғаны анықталды. Сонымен қоса, стволда қаруды жасаған шебердің аты-жөні қашалып жазылған.

Қазіргі уақытта өте құнды қаруды ШҚО ІІД-нің тарихының мұражайына жіберу үшін құжаттар жасалып жатыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив