KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 3,6 м/с, СБ
439.4 473.54 4.76

Жазғы лагерьлерде жол қозғалысы қауіпсіздігі күндерін өткізу жоспарланып отыр

5.06.2013, 18:00 238


Жазғы демалыс маусымында Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан қала сыртындағы 31 лагерьдің барлығында жол полициясы қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігі күндерін өткізетін болады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазірдің өзінде мектеп жанындағы жазғы лагерьлерде жолдағы қауіпсіздік ережелері пысықталып жатыр. №44 мектеп-лицейдің жанындағы сауықтыру лагерінің аға жетекшісі Гүлназ Бақытбекқызының айтуынша, жол сақшылары берген балалар тобын қауіпсіз алып жүрудің нұсқаулығы кез келген мұғалімге өте қажетті.

Балғындар жол жүру ережесімен қоса қалаға экскурсияға шыққан кезде автобустарда өздерін қалай ұстау қажеттігімен де танысып үлгерген.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив