KZ
Өскемен
+13°
небольшая облачность жел 3 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Балаларды тасымалдаған кезде жол полициясы патрульдік автокөліктері ілесіп жүруге міндетті

23.05.2013, 18:00 171


Жол сақшылары балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында балалар топтарын автокөлікпен тасымалдау барысында ҚР Жол қозғалысы бекіткен ережелерді сақтау қажеттігін ескертеді. Бұл, әсіресе, алдағы жазғы демалыс кезеңінде өзекті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық жол полициясы басқармасының аға инспекторы Айгүл Атудинованың сөзіне қарағанда, Ережеге сәйкес, ұйымдасқан балалар топтарын тасымалдауды тек жол полициясы патрульдік автокөліктерінің ілесіп жүруімен ғана жүзеге асыру керек.

Сапарға шығар алдында ШҚО ІІД аумақтық жол полициясы бөлімшелеріне балаларды тасымалдауға тартылған көлік құралының техникалық жай-күйін, қозғалыс бағыттарын міндетті түрде тексеру жөнінде алдын-ала жазбаша түрде тапсырыс берілуге тиіс. Тексеру қорытындалары бойынша жолаушылар автокәсіпорындары мен жол органдары қызметкерлерінің қатысуымен тиісті актілер толтырылады.

Жазғы демалыс кезінде жол сақшылары сайыстық бағдарламаларды пайдалана отырып, жол қозғалысы қауіпсіздігі күндерін тұрақты түрде ұйымдастыратын болады, дейді аға инспектор.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив