Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні Бородулиха ауданы жастарының бастамасымен флешмоб өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Жастардың айтуынша, бұл көпшілік шараны «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының негізгі ережелерін насихаттау мақсатында ұйымдастырыпты.
Мәдениет үйінің алдындағы алаңда бірдей атрибутикасы бар жейдемен 60-тан аса адам жиналды. Жас бородулихалықтар осылайша аса ерекше әдіспен «Қазақстан-2050» Стратегиясына қолдау көрсетті. Жастардың биі әсерлі де жігерлі болды.
«Жастарымыздың Елбасы Жолдауына назар аударып, соны насихаттау үшін біріккендері, көңілді шара ойлап тапқандары көңілге жағымды әсер қалдырды. Акция тұрғындардың назарын аударғаны сөзсіз. Қорытындысында жастар Стратегияның ұзақмерзімді келешегін білдіретін «2050» фигурасын бейнеледі», дейді жастар орталығы директорының міндетін атқарушы З.Атамбекова.