KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

Мектептерде сабақ Әнұранмен басталуы тиіс

3.06.2013, 18:00 174


Өскемен қаласының оқушылары алдағы уақытта сабақтарын Әнұранды шырқаумен бастайтын болады. Облыс басшысы мемлекеттік рәміздерге қатысты комиссия отырысында осындай ұсыныс тастады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Балабақшалардың өзінде кішкене бүлдіршіндер қолдарын жүректеріне қойып, еліміздің Әнұранын айтып тұрады. Бұл кейбір мектептерде жоқ. Мектепте сабақты Әнұранмен бастау жөнінде шешім қабылдауымыз қажет. Өскемен қаласы осы істің бастамашысы болуы тиіс. Бұл оқушылардың санасын оятады. Мәдени-спорттық іс-шаралардың барлығы Әнұранды айтудан басталып, Әнұранмен жабылуы тиіс. Кейбір мұғалімдердің Әнұран ойналған кезде ауыз ашпайтынын байқап жүрміз. Егер Әнұранды мұғалім білмесе, оқушы қайдан біледі?! Өзгелерге өзіміз үлгі көрсетейік, – деді Бердібек Сапарбаев.


Думан Анаш

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив