KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 1 м/с, С
480.5 534.22 5.18

Семейліктер Шәкерім әндерінің насихатшысын еске алды

30.05.2013, 18:00 217


Семей қалалық Мәдениет сарайында Шәкерім әндерінің бірден-бір насихатшысы, әнші , бүгінде марқұм Келденбай Өлмесековтің алпыс жылдығы атап өтілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өнерсүйер қауым Келденбайды ұмытпапты. «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деген тақырыппен өткен еске алу кешінде Келденбай туралы естеліктер молынан айтылды.

Көзі тірісінде тек Шәкерім әндерінен тұратын компакт дискісін шығарып үлгерген, қажының 150 жылдығында ЮНЕСКО бағдарламасы бойынша Парижде өткен алқалы жиынға қатысып, оның әндерін келістіре орындаған Келдекең шындығында қандай құрметке болсын лайық жан еді.

Мағыналы кеште Келденбай орындаған әндер де молынан шырқалды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив