KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

Колледж оқушылары жұмыс берушілермен келісімшартқа отырды

26.05.2013, 18:00 199


Катонқарағай аграрлық-техникалық колледжінде алдағы 2013-2014 оқу жылына оқушылар тарту және кәсіптік-техникалық білімді насихаттау мақсатында «Өз мамандығыма шақырамын» атты ашық есік күні өткізілді. Семинар барысында колледж оқушылары кәсіпорын жетекшілерімен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Оған аудан мен ауылдық округтердің әкімдері, шаруа қожалықтары мен кәсіпорындардың басшылары, аудан мектептерінің 9-шы сынып оқушылары қатысты. Келген қонақтар үшін алдымен колледждің фойесінде ауыл шаруашылығына қатысты оқу техникалары, мамандық бойынша оқыту көрнекіліктері және аспазшы мамандығына оқитындардың қолдарымен жасалған нан-тоқаш, кондитер өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды.

– Бұл шараның мақсаты – аудан мектептерінің оқушыларына мамандық таңдау бойынша көмек көрсету мен олардың жалпы білімдерін кәсіби деңгейде жалғастыру жолын көрсету, – дейді колледж директоры Абайхан Ахметов.

Аталған колледж – ауыл шаруашылығына қажетті жоғары білікті мамандарды даярлайтын аудандағы жалғыз оқу орны. Өз тірлігін сонау 1935 жылы механизацияланған Боран ауыл шаруашылық мекте-бі болып қаланғаннан бастаған оқу орны содан бергі 78 жыл ішінде 15 мыңға таяу маман даярлап шығарды. Қазірде материалдық-техникалық базасы заман талабына сай жабдықталған колледжде жалпы білім беретін және арнаулы пән кабинеттері жұмыс істейді, ветеринарлық, тракторлар мен автокөліктер, ауыл шаруашылық машиналары және аспаздық бағыттар-ға жабдықталған зертханалар бар.

Ашық есік күні колледждің өнерлі студенттері қонақтарға шағын концерттік бағдарлама ұсынып, оқу кабинеттері, өндірістік оқу шеберханаларымен қатар полигондағы техника көрсетілді. Ең бастысы, семинар барысында бірқатар шаруа қожалықтарымен және кәсіпорын басшыларымен ниет-келісімшарттарына қол қойылды. Шара соңында спорттық жарыстар өткізілді.

Тұрсынхан Базарбаев

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив