KZ
Өскемен
+24°
переменная облачность жел 7 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

Өскеменде «Бағдаршамда демалыс жоқ!» девизімен акция өтті

11.11.2012, 18:00 177


Балалардың жол-көлік жарақаттануының (БЖКЖ) алдын алу мақсатында ШҚО ІІД ЖПБ «Демалыс» атты алдын-алу акциясы өткізілді, деп хабарлайды ШҚО ІІД Жол полициясының басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенген Аltaynews.kz тілшісі. Шара білім беру органдарымен бірлесе жалпы білім беру мектептерінде және қосымша білім беру мекемелерінде ата-аналармен кәмелет жасына толмаған жүргізушілердің қатысуымен болған ЖКО алдын-алу бойынша кездесулер ұйымдастырылды. «Бағдаршамда демалыс жоқ!» девизіменжолдарда заңға бағынысты мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған 45 конкурстар, викториналар, үйірме, дәріс-профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылды.

Алдын-алу іс-шаралары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Барлығы 76 материал баспада жарияланды, 30 - телеканалдарда көрсетілді, 25 - радиода шығарылды. 3 телеканалда 10 бейнероликтер жалға берілді. «Өскемен-Қазақстан» облыстық телеарнасында Жол полициясы басқармасының бастығы орынбасарының қатысуымен БЖКЖ ескерту жөнінде тікелей эфир өткізілді.

Акция аясында жаднамалар, буклеттердің 50 түрі, 6467 таралым данада әзірленді. Дәрістік насихаттау кезінде үндеухаттар техникалық оқу орындарының студенттерімен таратылды. Жол полициясы қызметкерлерімен патрульдік бағыттарда жаднамалар, буклеттер таратылды.

Жүргізушілер қиылыстан, жаяу жүргіншілер өтпелерінен, қоғамдық көлік аялдамаларынан өткенде, жылдамдық режимін және балаларды тасымалдау тәртібін бұзуын анықтау бойынша рейдтік іс-шаралары өткізілді. Есепті кезең ішінде 2653 жол жүру ережесін бұзушылығы анықталды.

Акция кезеңінде балалардың қатысуымен 1 ЖКО тіркелді, нәтижесінде 1 бала жараланды. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ЖКО саны 50% төмендеді, қаза болғандар – тұрақты, жараланғандар 50% төмендеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив