KZ
Өскемен
+20°
небольшой дождь жел 3 м/с, ОШ
475.39 513.37 5.4

Омбы-Майқапшағай тас жолында рульде ұйықтап кеткен жүргізуші КамАЗ жүк көлігіне соғылды

22.05.2013, 18:00 145


Шығыс Қазақстан облысында джип көлігінің рулінде ұйықтап кеткен жүргізуші КамАЗ жүк көлігіне соғылды. Зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық жол полициясының хабарлауынша, оқиға кеше түнде Омбы-Майқапшағай тас жолында орын алған.

"Тойота Ланд Крузер көлігін басқарып келе жатқан алматылық 37 жастағы ер адамның көзі ілініп кетіп, жол шетінде тұрған жүк көлігіне соғылды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жүргізушінің әйелі мен екі жастағы қызы ауыр бас жарақаттарымен Ақжар ауылының ауруханасына түсті" делінген хабарламада.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив