KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Берекелі отбасылар сайысы

21.05.2013, 18:00 201


Облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаменті өңірдің барлық аудандарында дәстүрлі «Мөлдір бұлақтан...» атты отбасылық шығармашылық фестивалін өткізіп, оған 60-тан астам отбасы, барлығы 2800 адам қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Мөлдір бұлақтан...» фестивалінің аясында жақында алғаш рет ата-аналар қоғамының форумы өткен болатын. Ал осы фестиваль негізінде өткен «Бақытты отбасы» атты шараға 32 отбасы қатысты. Олар түрлі сайыстар барысын-
да өздерінің шығармашылығын танытумен қатар, татулықтары мен ұйымшылдықтарын және тапқырлықтарын да көрсете білді.

Фестивальдің ақтық мәресіне жеткен өнер ұжымдары өздерінің таным (визит) карточкаларын таныстырып, шығармашылық және музыкалық тапсырмалар орындады. Ерекше қызықты өткен шарада бас жүлдеге Рожковтар жанұясы лайықты деп танылса, І орынды Нұржақыповтар, ІІ орынды Гатауллиндер мен Кузнецовтар отбасы, ал жүлделі ІІІ орынды Мұратовтар мен Ивановтар жанұялары өзара бөлісті.

Байқау-фестивальға қатысқан барлық отбасылар облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаментінің алғыс хаттарымен, сондай-ақ, отбасы және балалықты қорғау орталығының құнды сыйлықтарымен марапатталды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив