KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Семейде бір сағатта екі рет жол апатына түскен нәресте аман қалды

16.05.2013, 18:00 111


Семей қаласында төрт айлық нәресте бір сағаттың ішінде екі рет жол апатына түсіп үлгерді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Алдымен бөбек «Жигули» және «БМВ» көліктерінің қақтығысында зардап шекті.

Бұдан кейін анасы мен сәбиді жедел жәрдем көлігімен ауруханаға апара жатқанда тағы бір апатқа жол берілген.

Жедел жәрдем көлігіне «Дэу-Матис» көлігі жол бермей, алғашқысы аударылған.

Осыдан кейін барып нәресте бас жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Қазір сәбидің жағдайы жақсарып келеді. Анасы жеңіл жарақаттар алған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив