KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность Штиль
479.05 534.57 5.17

ҚР аймақтарындағы әлеуметтік баспананың қолжетімділігі бойынша антирейтингісі

13.05.2013, 18:00 262


Тұрғын үй құрылысы шапшаң қарқынмен жүргізілуіне қарамастан Астана қаласының тұрғындары үшін әлеуметтік баспананы әлі де қолжетімсіз. Антирейтингтің тұрақты орындарына оңтүстік өңірлері (оның ішінде Алматы қаласы) жайғасты , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Рейтинг.kz порталының мәліметіне жүгініп.

Қазақстан Республикасы Конституциясының бірінші тармағында еліміз өзін әлеуметтік мемлекет деп айқындады. Осы түсінікті ескере отырып, билік жеңілдікпен/тегін негізде әлеуметтік аз қамсыздандырылған азаматтарға баспананы беруге жауапкершілікті алады деп тұжырымдаймыз. Дей тұрғанменде, халық арасында іс жүзінде баспананы алу мүмкіндігінің жоқтығы туралы пікір қалыптасқан. Осыған орай, «Рейтинг.kz» зерттеу агенттігі мен «Казпотребнадзор» ҚБ ҚР аймақтарындағы әлеуметтік баспананың қолжетімділігі бойынша антирейтингісін жасады.

Антирейтингтің абсолютті көшбасшысы Астана қаласы болып танылды. Бұны бірнеше факторлармен түсіндіруге болады. Біріншіден, мемлекет астанасындағы халық санының жылдам өсіп келеді. Екіншіден, қалада әлеуметтік баспанаға ие болу құқығы бар мемлекеттік қызметкерлер көп. Үшіншіден, халықтың (оның ішінде мемлекеттік қызметкерлердің) құқықтық сана-сезімдері жоғары және жеңілдікпен әлеуметтік баспананы алу мүмкіндіктері туралы хабардар.

Ал Астана қаласында тұрғын үй құрылысының шапшаң қарқынмен жүргізілуіне қарамастан әлеуметтік баспананы алу кезегінде тұрған азаматтардың көп болуы үлкен күмән тудырып отыр. Соңғы бес жыл бойы Астана қаласы жаңа тұрғын үй кешендерін салу бойынша абсолютті көшбасшы сатысында тұр. Дегенменде, бұл фактор мемлекеттік коммуналдық-тұрғын үй қорындағы әлеуметтік баспанаға үмітті азаматтардың санын азайтпай отыр. Яғни, құрылыстың жоғары көрсеткіштері астана тұрғындарының баспана жеткіліксіздігін шешпей жатыр. Оның үстіне жаңа үйлер босап тұр. Оған қоса, бұл үйлер қалталы азаматтардың өз қаражаттарының сақталу әдісі ретінде қолданылуда.

Сонымен қатар, Астанадағы тұрғын үй бағасы назар аудартады. Соңғы уақытта тек халық ғана емес, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та баға жөніндегі негізсіздігін алға тартты. Оның айтуынша, шынайы бәсекелестіктің жоқтығы мен жер телімдердің қажетті компанияларға сатылуына байланысты осындай мәселеге тап болды. Сөйтіп, Елбасы Астана әкімшілігін кейбір құрылыс компаниялардың мүдделерін қорғаумен жүргенін айыптады.

Аталмыш мәселе республиканың батыс аймақтарында да байқалды. Атырау, Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында әрбір оныншы отбасы әлеуметтік баспананы алу кезегінде тұр. Маңғыстау облысы әкімдігінің қызметкерлері үй ай көлемінде мемлекеттік коммуналдық-тұрғын үй қорындағы әлеуметтік баспана кезегінде тұрған азаматтар туралы ақпаратты бермеді. Сондай-ақ, осы ақпарат облыс әкімдігінің ресми сайтында да табылмады. Мұндай фактілер сұрастырылған ақпаратты әдейі жасыруды жанама түрде айғақтайды. Осыған орай, бұл аймақтағы кезекте тұрған азаматтардың саны көп деп қорытындылауға болады.

Рейтингтің келесі орындарына солтүстік және орталық аймақтары: Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасты. Бұл аймақтағы тұрақты жағдайдың орын алуы демографиялық сипаттамалардың бар болуымен түсіндіруге болады. Аймақта бала туу көрсеткішінің төмендігі және халықтың жиі Ресейге көшу үрдісі байқалып отыр. Сондықтан да аталған аймақтарда әлеуметтік баспананы алу кезегінде тұрған азаматтар саны төмендеп келеді.

Республиканың оңтүстік оңірлері мен Алматы қаласы антирейтингте тұрақты жағдайларын көрсетті. Осы аймақтардағы кезекте тұрған азаматтар саны Астана қаласындағы санмен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Мұны ауыл халқының басымдығымен және әлеуметтік баспананы алу үшін әкімшілік кедергілердің барымен байланысты.

Қазақстан аймақтарындағы әлеуметтік баспана кезегінде тұрған азаматтар саны туралы ақпаратты алу ағымдағы жылдың 30, 31 қаңтарында облыстық әкімдіктерге хат жолдау арқылы жүргізілді. Қазіргі заңнама сәйкес сұрастырылған ақпаратты 15 күн ішінде беру қажет. Ал қозғалған мәселе қосымша талдауды қажет етсе, онда жауап бір ай ішінде жауап беру қажет. Дегенменде, Заң талаптарына сай 16 әкімдіктің тек 9-ы ғана уақытылы жауап қайтарды. Сөйтіп, азаматтық қоғам алдында әкімдіктердің ашықтығы бойынша «жасыл» тізімге мынадай облыстар кірді: Қостанай, Атырау, Қарағанды, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Ақмола (аталмыш аймақтар хатқа 15 күн ішінде жауап қайтарды), Алматы қаласы мен Алматы, Оңтүстік Қазақстан (30 күн ішінде).

Ақпараттың толықтығын қамтамасыз ету үшін «Рейтинг.kz» зерттеу агенттігінің қызметкерлері тиісті ақпаратты басқа әкімдіктерден алумен болды. Сөйтіп, «сары» тізімге Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Астана қаласы енді (сауал жауабын кешіктіргендер тобы).

Үздіксіз қоңырауларға қарамастан, тиісті сауалға жауапты бермеген аймақтар «қызыл» тізімге енді. Олар: Маңғыстау, Павлодар, Қызылорда облыстары. Үш ай бойы Маңғыстау мен Павлодар облыстарының жауапты қызметкерлері уәде айтумен болса, Қызылорда облысының жауапты қызметкерлері сөйлесуден жалтарып отырды. Бұл әкімдіктердің үкіметтік емес ұйымдар сауалдарына деген қатынасы. Бұдан қарапайым халықтың сауалдарына деген қарым-қатынасының қандай екенін байқауға болады.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан кезекте тұрған әлеуметтік баспанаға үмітті халық саны мен тұрғын үй құрылысының салу қарқынына қарамастан, орта мерзімді уақытта оң динамиканың орын алуы екіталай. Осы мәселені түбегейлі жақсарту үшін бағдарламаға мынадай өзгерістерді енгізу керек.

Бірінші сценарий. Әлеуметтік баспана құрылыс қарқынын арттыруға бағытталған салаға инвестиция көлемін ұлғайту.

Екінші сценарий. Әлеуметтік баспанаға үміткерлер категория тізімін қысқарту немесе бағдарламаны біртіндеп тоқтату.

Сонымен қатар, мемлекеттік тұрғын үй қорынан бөлінетін баспананы алу кезегін электрондық жүйеге ауыстыру (бала-бақшаға кезекке тұру үлгісімен).

Қалалық және облыстық әкімдердің жұмыс сапасын айқындайтын сипаттамалар санына «әлеуметтік баспанаға мұқтаж азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру» өлшемін енгізу.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив