KZ
Өскемен
+33°
ясно жел 1 м/с, С
467.29 501.03 5.35

Семейде медицина қызметкерлерінің спартакиадасы өтіп жатыр

13.05.2013, 18:00 205


Семейде медицина саласы қызметкерлері арасындағы спартакиада жалғасын табуда. Олар енді бастапқы әскери дайындық орталығында оқ атудан жарысты , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің мәліметіне сүйеніп.


Салалық спартакиаданың кезекті кезеңінде денсаулық сақтау саласы мекемелерінің 16 ұжымы бақ сынасты.

Спартакиаданың бас төрешісі В. Сороко атап өткендей, бұл жарыстың басты ерекшелігі – қаланың медицина мекемелері басшыларының қатысуы. Олардың қатарында наркологиялық диспансер директоры Павел Брыжахин мен медицина университетінің ректоры, медицина ғылымдарының докторы Т-лебай Рахыпбеков та болды.

Жарыс нәтижелері бойынша бірінші орынды Семей мемлекеттік медицина университетінің Медицина орталығы иеленді.

Диагностикалық орталық ұжымы екінші орынға қол жеткізсе, жедел дәрігерлік жәрдем ауруханасы үшінші орынды қанағат етті.

Спартакиаданың келесі кезеңінде командалар волейбол мен мини-футболдан өзара мықтыны анықтамақ.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив