KZ
Өскемен
+17°
переменная облачность жел 2 м/с, З
479.23 534.96 5.16

Жас өнерпаздарға арналған дәріс-концерт (+сурет)

12.05.2013, 18:00 149


ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайында „Әлемді жарқын палитрада есту„ атты дәріс-концерт өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі мұражайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Концертке Латиф Хамиди атындағы №1 балалар музыка мектебінің арнайы фортепьяно сыныбының ұстазы Насырова Динара Рашидовнаның оқушылары қатысты.

Кеш алдында оқушылардың суретшілер мен музыканттарды не бірлестіретіні жөніндегі эссесі тыңдалды.

Альбина Сулейменованың, Дмитрий Благодатскийдің және Гүлназ Ермұхаметованың жұмыстары ең жақсы болып танылды.

Оқытушы әр бір фортепьянолық шығармаға қызықты түсініктемелер беріп, аудиторияны еліктіре алды.

Тамаша орыс кескіндеме шеберлері маталарының арасындағы музыка, қайталанбас мұражай залдарының интерьері, бала орындауының адалдығы мен тікелейлігі — осының барлығы іс-шараға ерекше шабытты үн берді.

Жас өнерпаздарға арналған дәріс-концерт (+сурет)Жас өнерпаздарға арналған дәріс-концерт (+сурет)Жас өнерпаздарға арналған дәріс-концерт (+сурет)

Концерттің ең жас қатысушылары Дима Благодатский мен Темірлан Узыханов өз пьесаларын қобалжымастан жақсы ойнап шықты. Аяжан Ширяева, Әйгерім Жанұзақов, Айдана Күлтұманова, Аружан Ақсақтемірова сияқты бірінші сынып оқушыларының орындауларын тыңдаушылар жылы қабылдады.

Айзара Төкенова, Тамила Чулембаева, Әмірлан Ақсақтеміров, Гүлназ Ермұхаметова, Сабрина Саттыбаева, Арина Кабышева, Дильназ Узыханова, Альбина Сулейменова сенімді және мәнерлі ойнады.

„Жас музыкант„ облыстық сайыс лауреаты Нұрай Нұрсерікқызы және „Дарынды балалар — Қазақстанның болашағы„ І Аймақтық сайысының Гран-при иегері Роббина Узыханова көрсетілімдері концерттің нағыз шарықтау шегі болды.

Концерттік бағдарламада И. С. Бах, Й. Гайдн, Р. Шуман, П. Чайковский, М. Мусоргский, Б. Дварионас, А. Затаевич, Е. Брусиловский, Абай, Г. Жолымбетовтің шығармалары және т.б. фортепьянолық шығармалар орындалды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив