KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
442.05 474.14 4.74

Мал жайылымдарында құдық салған шаруашылықтар шығынының 80 пайызы субсидия есебінен қайтарылады

5.05.2013, 18:00 102


«Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша биылдан бастап мал жайылымдарынан құдық салған шаруашылықтар шығынының 80 пайызы субсидия есебінен қайтарылып берілетін болады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жөнінде облыс әкімінің орынбасары Владимир Кошелев баспасөз мәслихатыенда мәлімдеді.

Сөйтіп, 1 млн. теңгеге құдық салған шаруаға 800 мың теңгесі қайтарылмақ. Ол үшін салынған құдықтың жобалық-сметалық құжаттары болуы шарт.

Аталған жаңа бағдарлама бойынша 2020 жылға дейін ауыл шаруашылығын субсидияландыру көлемі төрт есеге артады деп күтілуде.

"Көлеңкелі экономикада жұмыс істемейтіндер үшін құжат әзірлеп, субсидия алудың ешқандай қиындығы жоқ. Сондықтан қазір кез келген шаруа қожалықтары субсидияны құжаттандыруды, көлеңкелі бизнеске бой ұрмауды ойлағандары жөн. Мемлекет беріп жатқан қай көмекті де пайдаланып қалу қажет," – деген облыс әкімінің орынбасары шаруашылық иелерінің субсидия алып, жағдайын жақсартуға бүгінгі күні мол мүмкіндік туып отырғанына баса назар аударды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив