KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
441.79 478.77 4.9

Студенттер арасында "Жігіт сұлтаны-2013" анықталды

3.05.2013, 18:00 344


Семей қаласында студенттер арасында жігіт сұлтаны анықталды. Бұл құрметті атаққа М.О. Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледж студенті Айдос Төлеуханов лайық деп табылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өнер сайысын қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Нұр Отан» ХДП филиалының «Жас Отан» Жастар қанаты мен «Салауат» ШҚО Жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Оған қаладағы білім ордаларының студенттері қатысты.

Сайысқа қатысушылар өзін-өзі таныстыру, мылтық ату, қол күрес, қазақша күрес, аударыспақ, өнер сайысы және бата беру бөлімдері бойынша бақтарын сынады.

«Сайыстың мақсаты - халық арасынан өнерлі, ақылды ер азаматтарды іріктеп, оны жұртшылыққа таныстыру, ұлттық өнерді, салт-дәстүрімізді, тіліміз бен ділімізді өскелең ұрпаққа насихаттау, қазақ жігіттерінің өр мінезділігін, ақыл қайраты толысқан, қайтпас қайсарлығын дәріптеу», - дейді ұйымдастырушылар.

Байқауға қатысушы үміткерлер қойылған шарттардан мүдірмей өтіп, әділ-қазылар алқасы тарапынан төмендегідей орындарға ие болды.

«Ер канаты ат» аталымы - Елдос Қажығалымов (Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті), «Күш атасын танымас» - Фархат Ташметов (Қайнар университеті), «Мен алаштың Ұлымын» - Айдос Рахметуллин (Семей қ. Мемлекеттік медицина университеті), «Өнерлі өрге жүзер» - Қуандық Ибраимов (Семей мемлекеттік педагогикалық институты), «Құралайды көзге атқан» - Әбділдәбек Тұрсынов (Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті).

М.О. Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледж студенті Айдос Төлеуханов бас жүлдеге қол жеткізіп, «Жігіт сұлтаны – 2013» атанды.

Байқау соңында жеңімпаз жігіттерімізге және барлық қатысушыларға грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив